ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Төленді Керімбеков Қамысты ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен көшпелі кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік тәртіпті нығайту және адалдық қағидаттарын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ заңдылық, ашықтық, жауапкершілік қағидаттарын ұстанудың және азаматтарға құрметпен қараудың маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар жұмыс сапары аясында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындардың өтініштері қаралды және көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Мұндай кездесулер мемлекеттік органдарға деген халықтың сенімін арттыруға, қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін күшейтуге және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға бағытталған.