Президенттің 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстары «Атырау Ақпарат» медиахолдингінде жалғасты. Кездесуге қала жастары, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Жиында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Мұса Хайруллиев Мемлекет басшысының макроэкономикалық саясатты тиімді жүргізу жөніндегі тапсырмаларына тоқталды.
Оның айтуынша, Жолдауда салық және бюджет саясатын жетілдіруге айрықша мән берілген. Атап айтқанда, Салық кодексіне өзгерістер енгізу, ірі байлық иелеріне жоғарылатылған салық мөлшерлемесін қолдану мәселелері көтерілген.
- «Салық саясаты экономиканың тұрақты дамуына ықпал етіп, бюджет кірістерінің тиімді қалыптасуына бағытталуы керек. Сонымен қатар бюджет саясатын әзірлеуде консервативті әрі шынайы макроэкономикалық болжамдарға сүйену маңызды. Президент сыртқы және ішкі жағдайларға қарай әлеуметтік-экономикалық даму болжамын тұрақты түрде жаңартып отыруды тапсырды», – деді Мұса Хайруллиев.
Кездесу барысында цифрландыру мәселесі де көтерілді. Жастар өкілі Алмат Азаматұлы жасанды интеллект технологияларын меңгеріп, оны түрлі салада тиімді қолданудың маңызын атап өтті.
Оның пікірінше, цифрлық технологияларды өндіріске және басқа да салаларға енгізу еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ ол Жолдауда биыл цифрландыруға басымдық беріліп, келесі жылы құрылыс саласын дамыту мәселесіне назар аударылғанын жеткі