ЕҢБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ЕҢБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Еңбек адамы – ел дамуының тірегі, қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуіне үлес қосатын құрметті тұлға.
 
Бүгін көп жылғы адал еңбегімен, кәсіби біліктілігімен және жауапкершілігімен ерекшеленген азамат, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша Департаментінің ардагері Сейтқазин Асқар Сейтқазыұлы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
 
Департамент басшысы Әліш Амангелді Салхудинұлы аталған марапат – еңбек жолындағы табанды қызметтің, кәсібіне деген адалдықтың және қоғам игілігі жолындағы елеулі еңбектің лайықты бағасы екендігін атап өтіп, Асқар Сейтқазыұлына Еңбек министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі салтанатты түрде табысталып, көп жылғы адал еңбегі мен кәсіби қызметіне көрсетілген құрметтің белгісі ретінде арнайы сый-сияпат ұсынылды.
 
Бұл – саналы ғұмырын еңбекке арнап, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кейінгі ұрпаққа үлгі болып жүрген азаматқа көрсетілген зор құрмет.
 
Департамент ұжымы атынан «Еңбек ардагері» Сейтқазин Асқар Сейтқазыұлын арнайы марапатымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр және толағай табыстар тілейміз! Еңбегіңіз әрдайым еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1322969?lang=kk