Полиция қызметкерлері 2 миллион теңгеден астам шығын келтірген ірі қара мал ұрлығын ашты. Анықталғандай, Баянауыл ауданындағы жазғы жайылымдардың бірінде ер адам мылтықты пайдаланып, аудан аумағындағы ЖШС-лардың біріне тиесілі екі бас ірі қара малды ұрлаған.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс құралы тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – деп хабарлады Баянауыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Ауғалиев.
Ведомствоның мәліметінше, полиция әрбір осындай дерек бойынша кінәлі тұлғаларды анықтау, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту және ұрланған мүлікті қайтару бағытында тиісті шаралар қабылдайды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.
Мал иелеріне ескерту!
Малдарыңызды жайылымда қараусыз қалдырмаңыздар. Малға міндетті түрде сырға тағып, түнгі уақытта жабық қора-жайларда ұстауды қамтамасыз етіңіздер.
Естеріңізде болсын: малды қараусыз жаю ұрлық қаупін едәуір арттырады.
Павлодар облысында мал ұрлығы ашылды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1322938?lang=kk