Жиын барысында қызметтік тәртіпті нығайту, ұжымдағы өзара сыйластық пен ынтымақтастықты арттыру, қызметкерлер арасында қолайлы психологиялық орта қалыптастыру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ жеке құрамның ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қызметтік міндеттерді атқару кезінде туындайтын мәселелердің алдын алу жолдары талқыланды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінде моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша жеке құраммен жиналыс өтті.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1322838?lang=kk