«Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-1-де екі қазандық агрегатына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

«Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-1-де екі қазандық агрегатына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Еліміздің электр станцияларында Жүйелік оператордың жоспарына сәйкес жоспарлы жөндеу науқаны жалғасуда. 

«Астана-Энергия» АҚ 1-ЖЭО-да екі энергетикалық қазандық агрегатына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті энергетикалық жабдықтардың техникалық жай-күйіне, жөндеу жұмыстарының және жылыту маусымының өту барысына тұрақты мониторинг жүргізеді.

Энергетикалық нысандардың сенімді жұмыс істеуі және тұтынушыларды үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету мәселелері Комитеттің ерекше бақылауында.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/1322786?lang=kk