Сәтбаев қаласындағы Кеншілер алаңында «Ашық алаң – 2026: Taza Qadam» ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті. «Night Open Air» форматында ұйымдастырылған кеште тұрғындар танымдық ойындар мен викториналарға қатысып, Қазақстан тарихы, құқықтық сауаттылық және ұлттық дәстүрлерге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Кештің көркін жастардың орындаған заманауи әндері аша түсті. Белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, көрермендерге тағам мен ыстық шай таратылды.
Акцияны Ұлытау облысының Дін істері басқармасы ұйымдастырды. Шара ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Мұндай ашық кездесулер діни экстремизм мен терроризм идеологиясының қауіптілігін түсіндіріп, қоғамдағы өзара құрмет пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Сәтбаев қаласында «Taza Qadam» акциясы өтті
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1322741?lang=kk