«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Ескелді ауданының 11 ауылдық округі, 33 елді мекенінде сенбілік пен көгалдандыру жұмыстары өткізілді.
Аталған іс-шара барысында барлық мекемелер өз аумақтарында санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жалпы 1130 адам, 12 техника жұмылдырылып, 55 тонна қоқыс шығарылып, 570 ағаш отырғызылды.