Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратумен айналысқан ер адамды анықтап, ұстады.
Тексеру кезінде оның автокөлігінен мефедрон психотроптық заты салынған 48 орама табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 150 грамнан асады.
Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті қамауға алынды.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Шымкентте дронның көмегімен есірткі таратушы ұсталды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1322707?lang=kk