Ақтүбек мәдениет үйінде «Заң және тәртіп» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — қоғамдық тәртіпті нығайту, құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылау. Жиынға жергілікті атқарушы орган өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.Отырыс барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру бағытындағы өзекті мәселелер қарастырылып, қатысушылар өзара пікір алмасты. Қорытындылай келе, қоғамда тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыс жоспарлары белгіленді.