Іс-шара барысында ақпараттық минут ұйымдастырылып, оқырмандар Ф. М. Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығы туралы негізгі мәліметтермен танысты. Одан кейін қатысушылар «Достоевскийді білесің бе?» атты викторинаға, «Шығарманы сипаттамасы бойынша тап» конкурсына және «Ойды жалғастыр» тапсырмасына қатысты.
Жазушының танымал шығармаларына ерекше назар аударылды. Оқырмандарға Ф. М. Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза», «Ақымақ», «Ағайынды Карамазовтар», «Ақ түндер» және басқа да шығармалары таныстырылды.
Қатысушылар өз білімдерін тексеріп, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа мәліметтер алды және оның шығармаларына деген қызығушылықтарын көрсетті.
Іс-шара танымды әрі қызықты өтті. Ол оқырмандардың әдеби ой-өрісін кеңейтуге және Ф. М. Достоевскийдің шығармашылығын насихаттауға ықпал етті.
29 қазанда кітапханада ұлы орыс жазушысы Фёдор Михайлович Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығына арналған «Достоевскийді білесің бе?» атты интерактивті викторина өткізілді.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/1322668?lang=kk