Қарағандыда зираттан темір қоршау ұрлаған күдікті ұсталды. Қарағандыда зират аумағынан темір қоршау ұрлаған азамат ұсталды. Полицейлер ұрланған мүлікті тауып, 67 жастағы зейнеткерге қайтарды. Оқиға 28 қазанда болған. Қала тұрғыны туысының зиратына барған кезде қабір басындағы темір қоршаудың жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Киров полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 30 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Ұрланған қоршау табылып, тәркіленгеннен кейін заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктінің өңірдегі зираттарда жасалған осыған ұқсас ұрлық деректеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Қарағандыда зираттан темір қоршау ұрлаған күдікті ұсталды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1322663?lang=kk