Бесқарағай аудандық орталық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалып алынған Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арналған «Ұлт руханиятының жаршысы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шара барысында «Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаты мен маңызы туралы айтылып, жазушы Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталды. Қаламгердің өмір жолы мен әдеби мұрасы туралы бейнеролик көрсетілді.
Дөңгелек үстел барысында «Тағдыр» романының мазмұны, тарихи маңызы мен көркемдік ерекшеліктері талқыланып, оқырмандар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Шығарма арқылы ұлт тарихын танып, елдік пен ерлік, туған жер мен ұлттық рух құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығы сөз болды.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.