Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері Түнгі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, «Демалыс», «Вандализм» және «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында рейдтік жұмыстар жүргізді.
Рейд барысында ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта болу деректері тексеріліп, вандализмнің алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында жұмыстар атқарылды.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі!