Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Нұра ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2026 жылғы 05 қараша сағат 11:00-де Нұра кентіндегі Мәдениет үйінде өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-72144) 2-17-21 телефоны арқылы немесе Nura.akimat@akimat09.kz электрондық поштасына қалдыруға болады.