Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округінде «Бір үстел – бір ауыл» атты күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды

Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округінде «Бір үстел – бір ауыл» атты күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды

Лермонтов атындағы орта мектепте 1–4 сынып оқушылары арасында «Бір үстел – бір ауыл» тақырыбында күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды. 🍎
Іс-шара барысында оқушылар мен ата-аналар бірлесе отырып, күзгі өнімдер мен қолдан жасалған бұйымдардан шағын ауыл көріністерін жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен ұйымшылдықтарын көрсетті. Әр үстел ерекше безендіріліп, мол өнімдерімен және өзіндік ерекшелігімен көзге түсті. 🌽🥕🍇
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекқорлыққа баулу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, оқушылар мен ата-аналарға жақсы әсер сыйлады

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1322567?lang=kk