ҚАРИЯЛАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ

ҚАРИЯЛАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ

Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен округтің ардақты ақсақалдары мен қарияларына арналған ақ дастарқан жайылып, құрмет көрсету мақсатында арнайы басқосу шайы ұйымдастырылды.Тағылымы мол кездесудің басты мақсаты – үлкенге құрмет көрсету, олардың ел игілігі жолында атқарған еңбектерін бағалау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.Кездесу барысында ауылдың өсіп-өркендеуіне ұзақ жылдар бойы елеулі үлес қосқан ауыл ақсақалы Супиев Шавдун атамызға және ұзақ жылдар бойы жігіт басы қызметін атқарған Имиров Турган ағамызға ауылдық округ әкімі Марат Нұрахметұлы Абдикаров арнайы алғыс білдіріп, сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.Ел үшін еңбек етіп, ауылдың бірлігі мен берекесіне үлес қосқан ақсақалдарымыздың өнегелі өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі. Өйткені үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі, ұлттық құндылығымыздың айқын көрінісі.Қадірлі қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! Әрдайым ортамызда аман-есен жүріп, ақ баталарыңызды беріп отыра беріңіздер!

 

Қариясы бар елдің қазынасы бар!

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-ulken-aksu/press/news/details/1322562?lang=kk