Қазақстандық қазынашылар PEMPAL-дың пленарлық отырысына қатысты

Қазақстандық қазынашылар  PEMPAL-дың пленарлық отырысына қатысты

2026 жылғы 27-29 қазанда Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) PEMPAL Қазынашылық қоғамдастығының жыл сайынғы пленарлық отырысы өтті, оған мемлекеттік Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары - Айгүл Байгужина және басқарма басшысы Гүлжиян Садвакасова қатысты.
Пленарлық отырыс шеңберінде қатысушылар қазынашылық қызметте заманауи цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін, олардың бюджеттің атқарылуының ашықтығын арттырудағы, сондай-ақ мемлекеттік сектордағы есеп пен есептілікті жетілдірудегі рөлін талқылады.
Айгүл Байгужина "Қазақстан — мемлекеттік шығыстардың ашықтығын арттыру үшін қазынашылық операцияларда цифрлық валюталарды пайдалану" тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде қазақстандық тарап қазынашылық операцияларды дамыту және мемлекеттік қаржының ашықтығын арттыру контекстінде тиісті тақырыпты ұсынды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1322534?lang=kk