Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы «Асетова Г.Б.» жеке кәсіпкері мердігер болып табылатын құрылыс нысанына барды. Аталған мердігердің жұмыскері 10-қабаттан 7-қабатқа құлау салдарынан жарақат алған.
Қазіргі уақытта арнайы тергеп-тексеру жүргізіліп, жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептері анықталуда.
Нысанда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осындай оқиғалардың қайталануына жол бермеу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізілді.
Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау – құрылыстың әрбір кезеңіндегі сөзсіз басымдық.