Зеренді ауданында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданы әкімінің қорытынды кездесуінің аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға білікті заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға уәкілетті мемлекеттік, құқық қорғау органдардың өкілдері, адвокаттар мен жеке сот орындаушылары қатысып, тұрғындарға өзекті құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, интернет-алаяқтықтың алдын алу, желідегі құқыққа қайшы әрекеттерден қорғану жолдары, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Акция барысында аудан тұрғындары мамандардан кеңес алып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптар мен қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер алды.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақмола облысының прокуратурасы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1322479?lang=kk