Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Займолдиннің төрағалығымен комиссия отырысы өтті.

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Займолдиннің төрағалығымен комиссия отырысы өтті.

🔹️Комиссия отырысына ауылдық округ әкімдері, әкім орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ

🔸️Күн тәртібінде бір мәселе қаралды – Ойыл аудандық полиция бөлімінің 2026 жылдың 10 айында атқарған жұмысының қорытындысы.

🔹️Бұл мәселе бойынша Ойыл ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, Сидағали Аманғос Әбдіғалиұлы баяндама жасады.

Өз баяндамасында Аманғос Әбдіғалиұлы:

🔸️ 2026 жылдың 10 айында аудан аумағында тіркелген қылмыстардың ашылу деңгейі;
қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу бағытында жүргізілген профилактикалық жұмыстар;
жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
алаяқтық, мал ұрлығы, тұрмыстық қылмыстармен күрес;
кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағыттарында атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, статистикалық мәліметтерді келтірді. Баяндамадан кейін комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

🔸️Отырысты қорытындылаған аудан әкімі Сәкен Займолдин полиция бөлімінің жұмысына оң баға бере отырып, алдағы уақытта бірқатар міндеттерді атап өтті:

🔹️«Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда болуы керек. Әсіресе ауылдық жерлерде мал ұрлығының, алаяқтықтың алдын алу, жастар арасындағы құқықбұзушылыққа жол бермеу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Полиция бөлімі, округ әкімдері және бөлім басшылары бірлесіп, үйлесімді жұмыс істеуі тиіс, – деді аудан басшысы.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1322478?lang=kk