Ақмола облысында үздік педагогтер өз шеберліктерін танытты

Ақмола облысында үздік педагогтер өз шеберліктерін танытты

Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында «Үздік дене шынықтыру педагогі-2026»  облыстық байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты – педагогтердің шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіби шеберлігін арттыру және озық тәжірибелерін анықтау.

Байқау барысында қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті:

1.«Креативті мұғалім» – кәсіби тәжірибе мен визит карточкасын таныстыру;

2.«Заманауи дене шынықтыру сабағы» – бейтаныс сыныпта стандартты емес сабақ өткізу;

3.«Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» – мектептегі спорттық шаралардың жобасын таныстыру.

Облыстық байқау қорытындысы бойынша:

I орын – Байдуллаев Майрамбек Алимович, Ақкөл қаласы, Бектұров атындағы №3 ЖББМ.

II орын – Зынданұлы Рустам, Аршалы ауданы, Жібек жолы кентінің мектеп-лицейі.

III орын – Борисенко Ирина Олеговна, Степногорск қаласы, Лев Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясы.

Сонымен қатар бірқатар қатысушы арнайы номинациялармен марапатталды:

«Патриоттық рухтағы педагог» – Хамит Азат Хантайұлы, Бурабай ауданы, Қызылағаш ауылының Абылай хан атындағы ЖОББМ.

«Инновациялық педагог» – Сарекин Жандос Жұбатқанұлы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылының IT мектеп-лицейі.

«Креативті педагог» – Алимова Амантай Қайжанович, Жақсы ауылының №2 ЖОББМ.

«Ең жас педагог» – Калиева Улболсын, Атбасар ауданының №6 ЖББМ.

«Шығармашыл көзқарас» – Ленец Константин Николаевич, Көкшетау қаласының №17 мектеп-гимназиясы.

Байқау педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және дене шынықтыру пәнін оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуіне мүмкіндік берді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1322416?lang=kk