2026 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Туякбаев Е.Ж. Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Сапар аясында түрлі салалардың өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен және қала тұрғындарымен кездесулер өткізілді.
Жұмыс тобының құрамына сондай-ақ Сарым А., Садвакасова А.К., Рыспеков М.Ж. және Аманжолова З.Ж. кірді.
Жұмыс сапары аясында әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдерімен, сондай-ақ Медеу және Бостандық аудандарының тұрғындарымен кездесулер өтті.
Кездесулер барысында әлеуметтік саланың өзекті мәселелері, халықты мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге және Президенттің әлеуметтік саясатқа, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға және әлеуметтік-еңбек саласын жетілдіруге қатысты тапсырмаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіруге және назар аударуды әрі қарай пысықтауды қажет ететін өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.
Бірінші вице-министрдің жұмыс сапарына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Муратбеков М.Т. бірге қатысты.
Өткізілген кездесулер халықпен және еңбек ұжымдарының өкілдерімен ашық диалог орнатуға, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік саясатты жергілікті деңгейде іске асыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.