«Атырауда жасалған» көрме-жәрмеңкесінде кәсіпкерлерге еңбек заңнамасы түсіндірілді

«Атырауда жасалған» көрме-жәрмеңкесінде кәсіпкерлерге еңбек заңнамасы түсіндірілді

Ағымдағы жылдың 31 қазаны Атырау қаласында «Атырауда жасалған» көрме-жәрмеңкесі өтті.
Оның негізгі мақсаты - жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға, отандық өнімдерді кеңінен насихаттауға және іскерлік байланыстарды дамытуға бағытталған.
Атылған көрмеге Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы К. Имангалиев, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы И.Игамбердиев, еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Ж.Ермекқалиева қатысты.
Іс-шара барысында кәсіпкерлерге еңбек заңнамасының негізгі талаптары мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру, еңбекті қорғау талаптарын сақтау, қызметкерлерге тиісті нұсқамалар өткізу қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауаптар мен кеңестер алды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1322370?lang=kk