Алматыда әлемдік балет әртістері шеберлік сабақтарын өткізді

Алматыда әлемдік балет әртістері шеберлік сабақтарын өткізді

Александр Селезнёв атындағы Алматы хореография училищесінде танымал балет әртістері Албан Лендорф пен Себастьян Клоборг шеберлік сабақтарын өткізді.

Албан Лендорф – Дания корольдік балеті мен American Ballet Theatre труппасының бұрынғы жетекші бишісі, халықаралық Benois de la Danse сыйлығының жеңімпазы. Себастьян Клоборг – даниялық балетмейстер, режиссер, Дания корольдік балетінің бұрынғы солисі.

Бағдарлама аясында классикалық және заманауи биден шеберлік сабақтары, баспасөз конференциясы және училище оқушыларымен шығармашылық кездесулер өтті.

Шетелдік мамандар қатысушыларға би өнерінің қыр-сырын үйретіп, кәсіби тәжірибесін ортаға салды. Кездесу барысында балет өнерінің қазіргі дамуы талқыланды. Шеберлік сабақтарына училище оқушылары, педагогтер, театр әртістері, би ұжымдарының өкілдері, бейінді жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттер қатысты.

Мұндай кездесулер халықаралық шығармашылық байланысты нығайтып, балет өнерін оқытудың жаңа әдістерін меңгеруге жол ашады. Әлемдік балет шеберлерінен дәріс алу болашақ әртістердің өнерін ұштап, даярлық деңгейін көтеруге септігін тигізеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1322366?lang=kk