Өскемендік «Торпедо» хоккей клубы 2026/2027 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатының PRO HOKEI LIGASY турнирлік кестесінде бірінші орынға шықты.
26 матчтан кейін команда 44 ұпай жинап, 42 ұпайы бар елордалық «Номад» клубынан озып кетті. Алдыңғы орын үшін күресте «Торпедоның» басты қарсыластарының бірі - астаналық клубты жеңуі маңызды рөл атқарды.
Осы маусымда шығысқазақстандық хоккейшілер нәтижелі ойын көрсетті. Команда 138 шайба соғып, 46 шайба жіберіп алды. Шайбалар айырмасы +92.
Турнирлік кестенің бірінші сатысына көтерілу - команда, жаттықтырушылар штабы мен жанкүйерлер үшін маңызды жетістік.
Алда команданы тұрақты чемпионаттың жаңа матчтары күтіп тұр.
(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).