Абай облысында әлеуметтік қорғау саласының үздіктері марапатталды

Абай облысында әлеуметтік қорғау саласының үздіктері марапатталды

⚡️Абай облысында әлеуметтік қорғау саласының үздіктері марапатталды

Семейде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі Берік Уәли сала мамандарын құттықтап, олардың қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға және көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға қосып жүрген үлесін атап өтті.

Салтанатты шара барысында үздік қызметкерлерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, сондай-ақ «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды. Бұдан бөлек, кәсіби байқау жеңімпаздары түрлі номинациялар бойынша марапатталып, әлеуметтік мекемелерге төрт арнайы көлік құралының кілті берілді.

 

Іс-шара аясында аймақ басшысы мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығын аралап, ондағы жағдаймен танысты. 150 орынға арналған орталықта балалар мен ересектерге медициналық, әлеуметтік және оңалту қызметтері көрсетіледі.

Бүгінде Абай облысында 23,9 мың мүгедектігі бар азамат тұрады, олардың 3 мыңға жуығы – балалар. Өңірде әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында 1 570-тен астам маман еңбек етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-social/press/news/details/1322347?lang=kk