Қысқы қауіпсіздік: мобильді волонтерлер оқытылды

Қысқы қауіпсіздік: мобильді волонтерлер оқытылды

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті қысқы кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мобильді волонтерлер топтарына сабақ өткізді.

Оқыту барысында волонтерлерге қысқы кезеңдегі қауіпсіздік қағидалары, қолайсыз ауа райы жағдайында әрекет ету тәртібі және халық арасында профилактикалық, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ олардың практикалық дағдыларын жетілдіруге және қауіп туындаған кезде дұрыс әрекет етуге дайындығын арттыруға назар аударылды.

Дайындықтан өткен волонтерлер тұрғындар арасында қауіпсіздік ережелерін насихаттап, қысқы кезеңде оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстарына атсалысады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1322342?lang=kk