Жезқазғандағы №13 жалпы білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінде жоспарланған жұмыстың 90 пайызға жуығы орындалды. Ендігі міндет – қалған жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау.
Ұлытау облысы әкімінің әлеуметтік нысандардың дайындығын бақылауда ұстау жөніндегі тапсырмасы аясында қала әкімі Мұрат Бөрібаев пен облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Уәлиев мектептегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Жобаның мердігер ұйымы – «СК ЭкоСтрой Групп» ЖШС.
Аралау барысында құрылыс жұмыстарының сапасы, технологиялық талаптардың сақталуы және нысанның пайдалануға дайындығы қаралды. Жауапты тұлғалармен қалған жұмыстарды уақытылы аяқтау және анықталған кемшіліктерге жол бермеу мәселелері талқыланды.
Білім беру инфрақұрылымын жаңғырту – оқушылар мен педагогтерге қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасаудың маңызды қадамы. Сондықтан жөндеудің әр кезеңінде сапа мен қауіпсіздік талаптарының сақталуы ерекше мәнге ие.
Негізгі мақсат – мектепті белгіленген талаптарға сай пайдалануға дайындап, балалардың сапалы білім алуына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
№13 МЕКТЕПТЕГІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ 90 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҚ АЯҚТАЛДЫ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/press/news/details/1322339?lang=kk