Түркістан облысында ТЖД мамандарымен бірге мұздық көлдер мен жер сілкінісі аймақтарында мониторинг жүргізілді.
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен және «Қазселденқорғау» ММ мамандарымен бірлесіп, Талас Алатауының тау жоталарында әуеден визуалды бақылау жұмыстарын жүргізді.
Бақылау барысында тау жоталарында орналасқан мұздық көлдердің жай-күйіне, сондай-ақ облыстың төмен таулы аймақтарындағы көшкін қаупінің деңгейін бағалауға ерекше назар аударылды.
Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – ықтимал қауіпті учаскелерді уақтылы анықтау, табиғи қауіп-қатерлерге баға беру және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қажетті профилактикалық шараларды қабылдау.
Бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер ықтимал қауіпті аумақтардың жай-күйін нақтылауға және тиісті қызметтердің табиғи сипаттағы қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті табиғи қауіп-қатерлерге мониторинг жүргізу және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жалғастыруда.