🔹Еңбек инспекторларына ақпараттық жүйелерді пайдалану және мемлекеттік бақылау рәсімдері бойынша семинар-кеңес өткізілді

🔹Еңбек инспекторларына ақпараттық жүйелерді пайдалану және мемлекеттік бақылау рәсімдері бойынша семинар-кеңес өткізілді

2026 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокурорларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске Департамент басшысының міндетін атқарушы Кемалов Бауржан Билалович және Департамент ұжымы қатысты.

Прокурорлар Бурибаев Дәурен Сұңғатұлы мен Нұрманов Қайсар Мұстафаұлы мемлекеттік еңбек инспекторларына ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, Нұрманов Қайсар Мұстафаұлы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі (СДТБТ) бойынша, ал Бурибаев Дәурен Сұңғатұлы әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі (ӘҚБТ) бойынша түсіндірме берді.

Сонымен қатар, еңбек инспекторларының тексерулерді тағайындау және тіркеу тәртібі, тексеру нәтижелерін рәсімдеу, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту және әкімшілік айыппұл салу мәселелері талқыланды.

Семинар-кеңес барысында Департамент қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, прокурорлар тарапынан тиісті түсіндірмелер алды.

Іс-шара мемлекеттік бақылау рәсімдерінің заңдылығын қамтамасыз етуге, қызметтік жұмыстың сапасын арттыруға және заңнама талаптарын дұрыс қолдануға бағытталды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1322335?lang=kk