Бәйдібек ауданы әкімінің 2026 жылғы 2 қарашадағы №31 өкімімен Байғон Таңат Жамбылұлы ауысу тәртібімен Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Осыған орай аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков аппарат қызметкерлеріне жаңа орынбасарды таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік пен табыс тіледі. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы міндеттерді бірлесе жүзеге асырып, жұмыстың нәтижелі болуына басымдық беру қажеттігін атап өтті.
Байғон Таңат Жамбылұлы 1980 жылғы 17 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 жылы «Мирас» университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған. Отбасылы.
Еңбек жолын 2001 жылы Бәйдібек аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманы – жетекші экономисі болып бастаған.
2002-2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды қолдау қорының бас маманы;
2003-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқармасының бас маманы;
2004-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы және коммуналдық меншік департаментінің бас маманы;
2006-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментінің бөлім бастығы;
2018-2019 жылдары Түркістан облысының қаржы басқармасының бөлім бастығы;
2019 жылдан 2026 жылғы 2 қарашаға дейін Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі