Республика күніне орай Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік мекемелер арасында «Әкім кубогі» спорттық жарысы ұйымдастырылды.
Іс-шара Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің спорт алаңында өтті. Жарыс барысында қатысушылар спорттық шеберліктерін көрсетіп, өзара бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Әуезов ауданының Полиция басқармасы, екінші орынды Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі, үшінші орынды Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы иеленді.
Аталған спорттық шара мемлекеттік мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, командалық рухты арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.