Алматы қаласының Әуезов ауданында Қарттар айы аясында аға буын өкілдеріне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік басқосуда аудандық Ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелері мен еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан еңбек сіңірген қайраткерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында Әуезов ауданының әкімі Абзал Қуандықұлы Егембердиев жиналған қауымды құттықтап, аға буынның қоғам өміріндегі маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген 6 азамат марапатталды.
Мерекелік кеш танымал өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасып, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады. Әсем әндер мен ізгі тілектерге толы басқосу жылы әрі әсерлі атмосферада өтті.
Аталған іс-шара аға буынға деген құрмет пен ілтипаттың жарқын көрінісіне айналып, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтардың маңызын айшықтай түсті.