Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Манапова Бану Бақдәулетқызы әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғам игілігі жолындағы қажырлы еңбегі мен жауапты қызметіне алғыс білдірді.
Бүгінде ауданда 51 әлеуметтік қызметкер 431 қызмет алушыға әлеуметтік қолдау көрсетіп, күнделікті өмірде көмекке мұқтаж азаматтарға қамқорлық танытып келеді.
Әлеуметтік қызметкер болу – үлкен жауапкершілікті, мейірімділік пен жанашырлықты талап ететін мәртебелі міндет. Өз еңбегімен адам өміріне жылулық сыйлап жүрген барша сала мамандарына зор денсаулық, отбасылық амандық және еңбектеріне табыс тілейміз!