«Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында білім алушылар арасында құқықбұзушылықтың, буллингтің, кибербуллингтің және бопсалаудың алдын алу бағытында жүйелі түрде түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, 5–11-сынып білім алушылары арасында «Бопсалаудың алдын алу», «Буллинг және кибербуллингтің зияны», «Қауіпсіз мектеп ортасы», «Құқықтық сауаттылық – қауіпсіздік кепілі» тақырыптарында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар білім алушылардың психологиялық ахуалын зерделеу мақсатында бақылау, әңгімелесу және диагностикалық жұмыстар жүргізілуде.
Қажет болған жағдайда тәуекел тобына жататын білім алушылармен жеке профилактикалық жұмыс жоспары әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылады.
Білім беру ұйымдарында сенім жәшіктерінің жұмысы жандандырылып, білім алушылардың өз өтініштері мен мәселелерін жасырын түрде жеткізуіне мүмкіндік жасалған.
Бұдан бөлек, республикалық «111» байланыс нөмірі мен «109» сенім телефоны туралы ақпараттық парақшалар әзірленіп, білім беру ұйымдарының көрнекі әрі қолжетімді орындарына орналастырылды.