2026 жылғы 31 қазанда Алматы қаласының Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстары Достық шағынауданында және кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтарда жүргізілді. Игі бастамаға 250-ден астам адам қатысты.
Сенбілікке аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, білім беру ұйымдарының өкілдері, құтқару және коммуналдық қызмет мамандары, еріктілер, кәсіпкерлер, белсенді азаматтар мен аудан тұрғындары жұмылды.
Тазалық жұмыстарын жүргізуге мердігер ұйымдар тарапынан 50 жұмысшы, 9 арнайы техника және 250 бірлік құрал-сайман тартылды. Нәтижесінде аумақтар тазартылып, 60 текше метр қоқыс шығарылды.
Мұндай экологиялық іс-шаралар ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.