2026 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің елдік директоры Андрей Михневпен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар өзара іс-қимылдың қазіргі бағыттарын, бірлескен бағдарламалардың іске асырылуын және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Министр Арал және Каспий теңіздері өңірлеріндегі негізгі экологиялық мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, шаңды дауылдардың алдын алу және жергілікті тұрғындардың денсаулығына төнетін қауіп-қатерді азайту мақсатында 1,1 млн гектар аумаққа сексеуіл егілгенін атап өтті. Сонымен қатар Каспий итбалығын сақтау мәселесіне назар аударды.
COP31 алдағы конференциясына да ерекше назар аударылды. Әлібек Қуантыров Дүниежүзілік банк делегациясын Министрліктің «Friends of the Caspian: өңірлік бастамалардан бірлескен іс-қимылдарға дейін» атты арнайы сессиясына қатысуға шақырды.
Өз кезегінде Андрей Михнев Дүниежүзілік банктің аталған сессияға қатысатынын растады және Министрлік өкілдерін COP31 аясында өтетін Банк іс-шараларына шақырды.
Кездесу барысында тараптар іске асырылып жатқан екі жобаның мәртебесін де қарастырды. Жердің тозуына қарсы бағытталған «Resiland CA+» бастамасының табысты іске асырылып жатқаны атап өтіліп, оны одан әрі дамыту жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар Partnership for Market Implementation (PMI) жобасы бойынша жұмысты жеделдету қажеттігі айтылды.
Бұдан бөлек, Дүниежүзілік банк өкілдері биоалуантүрлілік пен климат салаларында жаңа жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады және жоспарланған бастамалардың табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді.