Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы З.М. Мақсұтовтың қатысуымен ардагерлер кеңесінің отырысы өтті.

Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы З.М. Мақсұтовтың қатысуымен ардагерлер кеңесінің отырысы өтті.


Егінді ауылында аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы З.М. Мақсұтовтың қатысуымен ардагерлер кеңесінің отырысы өтті.
Кездесу барысында аудандық ардагерлер ұйымының жылдық жұмысы қорытындыланып, атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Осы уақытқа дейін кеңес төрағасы қызметін атқарған Т.А. Балтабаев өз еркімен босауына байланысты, жаңа төраға болып Т. Оспанов сайланды. Оның кандидатурасын жиналған ардагерлер бірауыздан қолдады.
Жаңа төрағаға жауапты қызметінде сәттілік, ауылымыздың игілігі жолындағы жұмысына табыс тілейміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-egindi/press/news/details/1322293?lang=kk