Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Астана қаласындағы бірқатар ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шараларға Департамент басшысы А. А. Аймағамбетов қатысты.
Кездесулер «Жансая» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында, № 70 мектеп-лицейде, Астана қаласының Еңбек мобильділігі орталығында және № 6 қалалық емханада өтті.
Іс-шараларға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Ольга Валентиновна Перепечина және Қазақстан халқы Кеңесінің мүшесі Назипа Идрисовна Шанай да қатысты.
Кездесулер барысында халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелеріне баса назар аударылды. Қатысушыларға осы саладағы жаңа тәсілдерге кезең-кезеңімен көшу мәселелері бойынша түсіндірмелер беріліп, мемлекеттік жәрдемақылардың жекелеген түрлерін тағайындау кезінде отбасылардың әл-ауқатын бағалау әдістемесін пысықтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды.
Сондай-ақ әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру және оның азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесулер барысында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды және көтерілген мәселелер бойынша өз пікірлерімен бөлісті.