Өнеркәсіптік қауіпсіздік – жас мамандар назарында

Өнеркәсіптік қауіпсіздік –  жас мамандар назарында

  Жамбыл облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің студенттеріне арнап танымдық дәріс ұйымдастырды. Іс-шара аясында мекеменің бас маманы Дания Дінмұхамбетқызы Намазбаева «Қазақстан Республикасында тау-кен және жару жұмыстарын жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік бақылау» тақырыбында баяндама жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде саланың негізгі нормативтік-құқықтық актілері, өндірістік қатерлердің алдын алу шаралары және мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын бақылау тетіктері егжей-тегжейлі қарастырылды.

  Шараның басты мақсаты – еңбек жолын енді бастайтын жас мамандардың заңнамалық сауаттылығын арттыру және кәсіби білімін тереңдету. Сондай-ақ студенттерге өндірістік ортада белгіленген қауіпсіздік талаптары мен ережелерін бұлжытпай орындаудың маңыздылығы түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар болашақ мамандардың біліктілігін арттыруға, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға және салада жоғары қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқу орнының ұжымы мен білім алушылары өзге де өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1322272?lang=kk