Мойынқұмдық аналарға құрмет көрсетілді

Мойынқұмдық аналарға құрмет көрсетілді

Мойынқұм ауданында ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып жүрген көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №1476 Жарлығына сәйкес, тоғыз ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды.

«Алтын алқа» иегерлері:
– Рыскулова Зауре Бейсенбаевна;
– Ибалиева Анара Бахытовна.

«Күміс алқа» иегерлері:
– Өміралиева Бақнұр Атабекқызы;
– Кылышбекова Меруерт Дарменқызы;
– Молдабаева Ажар Сабитовна;
– Касенова Айгул Ермековна;
– Ниязалиева Динара Тилеповна;
– Саткулова Айдана Ришадовна;
– Айдаш Назгүл Қанатбекқызы.

Аудан әкімі Ермек Карентаев аяулы аналарды марапаттарымен құттықтап, бала тәрбиесіндегі еңбегі мен отбасы құндылықтарын сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Аналарға зор денсаулық, шаңырақтарына бақ-береке тілеп, перзенттерінің қызығын көріп, әрдайым жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөлене берулеріне тілектестік білдірді.

Балаға мейірім сыйлап, оның бойына адалдық пен еңбекқорлықты, үлкенге құрмет пен туған жерге сүйіспеншілікті сіңіру – үлкен жауапкершілік. Бүгінгі марапат – осы жолда күн сайын қажыр-қайратын жұмсап жүрген аналар еңбегіне көрсетілген құрмет.

Құрметті аналар, марапаттарыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпей, ұл-қыздарыңыз елге қызмет ететін абзал азамат болып өссін!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1322268?lang=kk