Шымкент қаласының Балалар құқығын қорғау басқармасының ұйымдастыруымен, «Қорғаншылық және қамқоршылық орталығы» КММ-нің қызметкерлері ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағындағы 40-қа жуық мешітке рейдтік іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмаған балалардың қайыршылықпен айналысуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Рейдтік іс-шара барысында 4 кәмелетке толмаған бала заңды өкілімен бірге қайыршылықпен айналысқандығы анықталды. 2 кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне ескерту жасалды. Кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдеріне заң талаптары түсіндірілді.
Ата-аналар назарына!
Қазақсытан Республикасының Қылмыстық кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарына сәйкес, кәмелетке толмаған баланың қайыршылықпен айналысуына жол берген ата-аналардың жауапкершілігі қаралатындығын назарларыңызға жеткіземіз.