Орынсыз әрекеті үшін шетелдік Қазақстаннан шығарылды

Орынсыз әрекеті үшін шетелдік Қазақстаннан шығарылды

Петропавлдағы әлеуметтік желі парақшаларында 34 жастағы Қырғызстан азаматының ұсақ бұзақылық жасағаны туралы жарияланым көпшіліктің назарын аударды. № 4А автобусында болған шетелдік 41 жастағы әйелге тиісіп, белінен төмен сипаған. Сот шешімімен оған 15 тәулік әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды.

Алайда әдепсіз әрекеті үшін жауапкершілік мұнымен аяқталған жоқ. Көші-қон қызметінің қызметкерлері аталған азаматты Қазақстан Республикасынан шығару туралы өтінішхатпен Петропавл қаласының № 2 сотына жүгінді. Істің мән-жайын қараған сот өтінішхатты қанағаттандырды. Енді оған алдағы бес жыл бойы Қазақстанға кіруге тыйым салынды

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1322260?lang=kk