Ағымдағы жылдың 2 қарашасында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы бірқатар қызметкерлерге ведомстволық наградалар табыстады.
«Салаға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Жомарт Ілесбекұлы Дүйсебаев марапатталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен Департаменттің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы Жайдаркүл Асқанқызы Отарбекова марапатталды.
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің құрмет грамоталарымен Департаменттің бөлім басшысы Гүлнәр Сахиқызы Кәкімова және бас маман Жанар Мейрамбекқызы Нәлібаева марапатталды.
Сондай-ақ дәл осындай марапаттауларға Алмалы ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Аян Жалғасұлы Шәріпжанов және Медеу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Алуа Ерланқызы Маханбет ие болды.
Сондай-ақ Департамент ұжымы ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Алматы қаласында өткен Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлерінің алғашқы конгресін өткізуге белсенді ат салысқан болатын.
Осыған орай аталған үлкен іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін басшы Қасымхан Алпысбайұлына және ұжымға Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің алғыс хаты табыс етілді.
Аталған марапаттау рәсімі «Республика күніне» және «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күніне» байланысты орайластырылған.