Бүгін бөлім басшысы – аға сот орындаушысы А. Манкиева бөлім қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында қызметкерлерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және атқарушылық іс жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша заңнамада көзделген шараларды уақтылы қабылдау, нысаналы индикаторларға қол жеткізу бағытында тиісті жұмыстар жүргізу, заңсыз әрекеттерге және қызметтік тәртіпті бұзуға жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Жұмыс кеңесі
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1322245?lang=kk