«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»: Астанада мектеп оқушыларымен кездесу өтті

«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»: Астанада мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Астанада «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында Шәкен Айманов атындағы №20 орта білім беретін мектепте «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» атты оқушылармен кездесу өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған орта тазалығына жауапкершілікпен қарауға бағытталған.

«Кездесу барысында «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерінің күнделікті жұмыстары жөнінде айтып бердік. Мұнда қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жолындағы еңбек адамдарының міндеттері мен еңбек ерекшеліктері туралы әңгіме өрілді. Оқушылар тазалық сақтау мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау және әрбір азаматтың қала тазалығына қосатын үлесі туралы ақпарат алды», – «Астана Тазалық» ЖШС-ның директоры Альберт Есалиев.

Еңбек адамдарымен кездесуде оқушылар сауалдар жолдады. Қала тазалығына немқұрайлы қарауға болмайтынын айтқан еңбек адамдары мектеп оқушыларымен ашық әңгіме жүргізді.

«Бүгінгі іс-шара ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында және қоғамдық еңбек адамдарының еңбегін құрметтеуге бағытталды.

Мектеп оқушылары кездесу кезінде белсенділік танытып, меймандарға сауал жолдады. Сонымен қатар, қала тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау және тазалық сақтау мәдениеті туралы маңызды мәселелер қозғалады. Біз іс-шараны ұйымдастыру барысында басты тәртіп тазалық екеніне аса мән бердік», – деді Ш. Айманов атындағы 20 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Дүйсенова.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1322242?lang=kk