25 қазан – Республика күніне орай Көктал ауылдық округінің Орталық саябағында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі салтанатты түрде өтті.
Республика күні – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін айшықтайтын, ұлттық бірлігіміз бен елдігімізді дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – ата-бабамыздың азаттық жолындағы арманы жүзеге асып, Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасқан тарихи маңызын айқындайтын күн.
Салтанатты рәсім барысында көк байрағымыз көкке көтеріліп, қатысушыларға патриоттық рух пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін сыйлады. Мемлекеттік Ту – тәуелсіздігіміздің, бейбітшілігіміздің және халқымыздың бірлігінің символы.
Еліміздің көк Туы әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!