Қолжетімді орта – бірлескен жұмыстың нәтижесі
Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі – нысандардың мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды келісу.
Құрылыс компаниясы өкілдерінің өтініші негізінде Департамент мамандары нысанға барып, оның белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалады.
Тексеру барысында бірқатар сәйкессіздіктер анықталып, өтініш берушіге тиісті түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді. Құрылыс компаниясының өкілі анықталған ескертулермен танысып, оларды жою қажеттігімен келісті.
Мұндай жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі. Біздің мамандар өтініштерді қарастырып, нысандарға тексеру жүргізіп қана қоймай, өтініш берушілермен өзара байланыс орнатып, заңнама талаптарын түсіндіреді және қолжетімді ортаны қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес береді.
Біздің ортақ мақсатымыз – қолжетімділікті тек құжат жүзінде ғана емес, іс жүзінде қамтамасыз етіп, барлық азаматтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.