Соңғы уақытта Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы жасалатын интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп келеді.
Алаяқтар азаматтарды алдаудың түрлі тәсілдерін қолданады:
Өзге адамдардың шотына ақша аударуды сұрайды.
Жалған QR-кодтар жіберіп, төлем жасатуға тырысады.
SMS-кодтар мен банк картасының деректерін сұрайды.
Өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, жалған ақпарат таратады.
Жалған сілтемелер арқылы жеке мәліметтерге қол жеткізеді.
Сіздің шотыңызға ақша аударып, оны басқа шотқа қайта жіберуді өтінеді.
Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге айтпаңыз.
Бейтаныс адамдардың өтінішімен ақша аудармаңыз.
Kaspi қосымшаңызды бөгде адамдарға пайдалануға бермеңіз.
Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.
Күдікті операция байқалса, дереу банкке хабарласыңыз.